Павлодар облысындағы қоғамдық көліктің әлегі

Облыс әкімдігі аппараттық кеңесінде жолаушылар тасымалын дамыту мәселелері сөз болды. Облыстағы автобус паркі 16 жаңа автобуспен толықтырылған, оның ішінде 10 автобус Павлодарға жеткізілген. Шілде айында 35, ал тамыздан қазанға дейін автопаркті 80 жаңа көлікпен толықтыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, жүргізушілер тапшылығы мен тұрғындардың аялдамаларда ұзақ тұруы мәселелері шешімін таппай тұр. Бұдан бөлек, аудандарға баратын автобустардың сапасы да көңіл көншітпейді.

 

-Ең өзекті мәселе болып табылады. Өкінішке орай, қажетті қаражат бөлінді, бірақ, сәйкес сапасы өзгерген жоқ. Қысқа мерзімде, күзге дейін мәселе өзгеру керек, өзгермесе тағы қиындықтар туындайды,-деп жеткізді Әбілқайыр Сқақов.

 

Облыс әкімі, шенеуніктерді өткір мәселеге көз жеткізу үшін, қызметтік көлікпен емес, қоғамдық автобустармен жиірек жүруге кеңес берді. Бұл ретте, Павлодар әкімі «№1 автобус паркі» басшылығымен жыл соңына дейін жүз автобус сатып алу туралы келісім жасалғанын мәлім етті. 40 жаңа автобус Павлодарға жақын арада жеткізілмек.