• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының тұрғындары өз сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс бере алады ма?

Павлодар облысының тұрғындары өз сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс бере алады ма?

Павлодар облысының тұрғындары тіркелген жерінен басқа жерде тек алдын ала есептен шығару куәлігін алған жағдайда ғана дауыс бере алады, деп хабарлайды irbistv.kz.

Павлодар облыстық сайлау комиссиясы түсіндіргендей, мұндай куәлік дауыс беру күні басқа елді мекенде болатын және өз сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтарға беріледі.

Егер дауыс беру күні азамат басқа елді мекенде болуды жоспарласа, ол өзінің тіркелген жері бойынша есептен шығару куәлігін алуға құқылы. Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қайта берілмейді және дубликаты рәсімделмейді. Сондай-ақ бұл куәлік белгілі бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге ниет білдірген азаматтарға берілмейді, – деді Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Гүлсым Сүйіндікова.

Есептен шығару куәлігін алдын ала алу қажет. Оларды беру 22 тамыз күні сағат 18:00-де аяқталады. Одан кейін құжатты рәсімдеу мүмкін болмайды.