Павлодар облысының 33 түлегі Отан алдындағы борышын өтеуге ант берді
Әскери техникалық мектепті бір жылдық әскермен салыстыруға келмейді, дегенмен мұндағы курсанттар 40 күннің ішінде негізін ала алады. Биыл мұнда 24-тен 27 жасқа дейінгі 300-ге жуық адам оқытылған. Айта кететіні олар қорғаныс істері департаментімен іріктеледі.
- Әскери техникалық мектепке оқуға түсу арқылы мен әскери саланың негіздерін игердім, 40 күндік оқу ішінде саптық және ұрыстық дайындықты, автоматтан оқ атуды, уақытты тиімді пайдалануды үйрендім. Алған білімімнің арқасында мен Отанымды қорғауға әрқашан дайынмын, - дейді әскери-техникалық мектептің павлодарлық филиалының директоры Александр Безруков.
Мұндағы курсанттар ЖОО білім алып жатқандар мен тұрақты жұмыс орнына орналасқандар. Уақыттарын үнемдеп әскери техникалық мектепте дайындықтан өткен соң қатардағы жауынгер атағымен шығады.
- Бұл жерде жас жігіттер казарманың не екенін, приказдың не екенін, командирдың не екенін, автоматтың не екенін біліп, сонымен танысып, содан кейін ел қорғауға дайындықтарын білдіртеді. Елдің алдында әскери ант алады, - дейді Ауған соғысының ардагері Данышпан Әбдіхалықов.
Айта кететіні мұнда тағы 59 курсант әскери техникалық дайындықтан өтіп, жүргізуші куәлігін алған.
Авторы: Арнагүл Исабекова