Павлодар облысының 88% халық санағынан өткен

Ағымдағы жылдың 27 қазанына ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аймақта халық санағынан 664 479 адам, яғни тұрғындардың 88,6 % өтті. Облыс азаматтарының басым бөлігі, дәстүрлі интервьерлермен жұмыс жасаудан гөрі, онлайн түрде сауалдарға жауап беруді таңдаған. Бірақ көбісі сұрақтардың тым көп, әрі орынсыз екендігін атап өтуде. Сұрастырғандардың арасында интервьюерлерді әлі күнге дейін күтіп отырғандар да аз емес екен.

- Әлі ешкім келген жоқ. Келсе қарсы емеспін, - деді қалалықтардың бірі

Қазан айында халық санағының негізгі кезеңі аяқталғанына қарамастан, қарашаның 8-іне дейін нақтылау шаралары жүргізілетін болады. Бұл туралы, Sanaq.gov.kz сайтында ресми хабарлама тұр. Сауалнамаға қатыспағандар үшін онлайн-санақ функциясы да қарашаның 8-іне дейін қолжетімді болады.

 

Авторы: Дархан Бекишев