Павлодар облысының балабақшалары гүл отырғызып жарысуда
Шара Наурыз мейрамына орайластырылып, челлендж ретінде басқа да білім беру мекемелеріне жіберілді. Өсімдіктерді балалар үлкендердің көмегімен отырғызып, күтіміне атсалысады. №8 сәбилер бақшасы «Бала өмірдің гүлі» челленджін бастап, басқаларға жолдаған. Бүгін оларды қаламыздың 13 білім беру мекемесі мен Түркістан облысы қолдап отыр.
- Наурыз мерекесіне орай көктем мезгілін қарсы алып, қыс мезгілін шығарып салу барысында балаларды гүлді баптап, бағу, қоршаған ортамен танысу және жан-жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру барысында осындай челлендж ұйымдастырған болатын, - дейді №8-сәбилер бақшасының басшысы Маржангүл Жетпісқызы.
Айта кететіні, бүлдіршіндер жалпы 150 түп гүл еккен. Енді оларды мамыр айында ата-аналарымен аулаға отырғызбақ. Мекеме басшылығы өсімдіктер жайқалып өскенде әрқайсысына көтеріңкі көңіл күй сыйлайтынына сенімді.
Авторы: Арнагүл Исабекова