Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Өткен аптада коронавирустық инфекцияны тарату бойынша статистика облысымызда төмендеген болатын. Қарқынды болмағанымен «сары» аймақта қалу сақталдық. Бас санитарлық дәрігердің ақпаратына сәйкес ауырғандардың өсімі бір пайызға төмендеген. Өңіріміздің басым аудандары, оның ішінде Павлодар да «сары» аймаққа өтті.
- Жеңілдету нысандардың басым бөлігінің жұмыс тәртібіне қатысты болады. Сонымен қатар сауда үйлерінің демалыс күндері, сауда орталықтары мен олардың жұмысына қатысты, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Алиев.
Өткен тәулікте өңірімізде COVID-19 індетінің 73 жаңа жағдайы тіркелді. Соңғы аптаның қорытындысы бойынша диагнозы расталған пацинттер саны – 647. сонымен қатар екі компонентпен екпе алғандар саны да артты. Барлығы - 34 мың адам.

