Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері: «Павлодар «қою қызыл» аймаққа енуі мүмкін»
Өткен үш тәулік ішінде Павлодар облысында КВИ-дің 900-ге жуық жаңа жағдайы қосылды. Инфекциялық орындардың толуы 50 пайыздан астамға жетті. Санитарлық дәрігерлердің болжамынша бұл шекті сан емес. Олардың айтуынша, өсу қарқынының жоғары болғаны сонша тіпті «қою қызыл» аймақтан алшақ кету мүмкін болмай қалуы да екі талай екен.
- Адамдар қарапайым маска режимін сақтауды қойған тәрізді. Жасырын мерейтойлар, үйлену тойлары тыйылмай тұр. Адамдар мұның барлығын біле тұра сондай жерлерге барады. Оған қоса мутацияланған штаммдар да бар. Әсіресе өңірімізде бар Дельта-штамы. Бұл екі есеге қауіпті, - дейді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.
Дельта штаммы бойынша статистика бөлек жүргізілмейді, бірақ аурудың күрт өсуі ішінара сонымен байланысты екені айтылуда. Сондай-ақ, тағы бір себеп - демалыс маусымының қызған шағы. Вирустар да адамдармен бірге белсенді қозғалып таралуда.