Павлодар облысының бас санитары халыққа өз өтінішін жеткізді
Соңғы тәулікте 77 жағдай тіркелген. Ақпан айының үш аптасында өсім 7,4%-дан 3,4%-ке төмендеген. Санитарлық дәрігерлер індетке қарсы вакцина да өзінің тиімділігін көрсетеді деген ойда.
- Қазір Павлодар облысының аудандарында да жағдай тұрақталуда. Баянауыл, Тереңкөл және Май аудандарында коронавирус жұқтырғандар өте аз. Бұлар облыс ішінде 22 ақпаннан бастап жасыл аймақта, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.
Санитарлық дәрігерлер алдағы 8 және 22 наурыз мерекелері қарсаңында жұртшылықты абай болуға шақырады. Әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адам көп жиналатын жиындар жасамауға кеңес береді. Кері жағдайда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт артуы мүмкін дейді.