• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының бас санитралық дәрігері: «Ауырғандар төсек саны 70% асса, қою қызыл аймаққа енуіміз ықтимал»

Павлодар облысының бас санитралық дәрігері: «Ауырғандар төсек саны 70% асса, қою қызыл аймаққа енуіміз ықтимал»

329, 315, 311. Жоқ, бұл - телефон нөмірі емес. Соңғы үш күнде COVID-19 дертіне шалдыққандар көрсеткіші 300-ден төмендейтін емес. Өңіріміз қызыл аймақта. Тұрақты көрсеткіштердің төмендеуі байқалмаса емханалардағы орындар да артады дейді бас санитарлық дәрігер. Айтуынша, қауіп қатер деңгейі аса жоғары, қою қызыл аймаққа ену мүмкіндігі жоқ емес.

 

- Эпиджағдай күрделі.  Өткен тәуілікте 311 жағдай тіркелді, 20 жағдай симптомсыз. Барлық аудандар, қалалар да қызыл аймақта. Инфекциялық стационарлар төсек орындарының 70% асып жатса, қою қызыл аймаққа кіруіміз мүмкін, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.  

 

Айту керек, өткен тәулікте індеттен емделіп шыққандардың саны 107 адамды құрады. Батырбек Әлиев жұқпалы инфекцияға төтеп берудің қазіргі жалғыз амалы вакцинация екендігін еске салды.

 

- Облыс бойынша бірінші вакцинациядан 200-250 мың адам өтті. Екіншісін 198 мың алды. Пайыздық көрсеткіші 52-ні құрайды, - деді Батырбек Әлиев.

 

Азаматтардың екінші вакциянациядан өту мерзімі 1 қыркүйек екендігін белгілі. Бұл ретте, екпеден өтпей жүргендерді тексеру алгоритмі әзірге бекітілмеген. Мәселе жақын арада қолға алынып, мониторинг топтары жұмысқа кіріседі деп күтілуде. Бұл ретте, күні кеше ғана өткізілген 22 рейдтік шараның аясында Павлодарда тек бір бұзушылық тіркелген.

 

Авторы: Дархан Бекишев