• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының бас ветеринарына қатысты тәртіптік іс қаралды

Павлодар облысының бас ветеринарына қатысты тәртіптік іс қаралды

 

 

Лауазымды тұлға қызметтік көлікті өз қажеттілігі үшін қолданғанын мойындап, тәртіптік кеңес алдында кешірім сұрады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Шенеунікті қызметтік көлігін демалыс күні мінгенін анықтаған. Бұл 25 қазанда орын алған. Айдар Уәлиев ту көтеру рәсімінен келе жатқан.

 

- Келісімшартқа сәйкес көлікке бізде толығымен ветеринария басқармасы есебінен қызмет көрсетіліп, жанармай құйылады. Сол күні машинада чек жанып қалып, мен ту көтеру рәсімінен соң, жолда сауда үйіне соғып, керек қосалқы бөлшектерді сатып алдым. Сосын өзім тұратын Кенжекөл ауылына бардым,-деді Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысы Айдар Уалиев.

 

Шенеунік ветеринария саласында 30 жылдан астам жұмыс істеп жүрегін айтты. Ол өз еңбектері жайлы айтып, тәртіптік кеңес алдында жіберген қатесі үшін кешірім сұрады. Нәтижесінде оған ескерту жасалды.