• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының бюджеттінде 6,5 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалмаған

Павлодар облысының бюджеттінде 6,5 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалмаған

2022 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін жергілікті тұрақтандыру қорына 850 миллион теңге берілді. Ал қазынаның басым бөлігі әдеттегідей әлеуметтік салаға тиесілі. Білім мен спорт саласына миллирадтан атсам қаражат бөлінді.

- Қаңтардың 1-нен бастап мектеп педагогтарының жүктемесі 18-ден 16 сағатқа дейін өзгерді. Бізге оны республика өтеген жоқ. Сондықтан, біз ол шығынды осы жолға бюджетті нақтылау кезінде өтедік. Спорт саласында жан басына шаққандағы қаржыландыруға қосымша 200 миллион теңге бөлдік. Бұл да жаңа тапсырыс, - дейді Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук.

Айта кету керек, бүгінде 2022 жылдың бюджеті белгілі. Жоспар бойынша қазына 350 миллиард теңгені құрайды. Оның 110 миллиарды республикалық мақсатты трансферттерден келсе, қалған сома жергілікті қаражат.

 

Автор: Аида Адрахова