• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының білім беру басқармасы 22 миллион теңгеге көлік сатып алмақшы болған

Павлодар облысының білім беру басқармасы 22 миллион теңгеге көлік сатып алмақшы болған

Автокөліктер сатып алуға жоспарланған 22 миллион теңгені сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлері мемлекеттік сатып алу сайтында байқап, білім беру басқармасына одан бас тарту үшін хат жолдаған.

 

- Ағымдағы жылдың мамыр айындағы Президент жарлығы бойынша орталық мемлекеттік органдарда және мемлекеттік аймақтық орталықтарда шығындарды азайту мақсатында көлемі 2 текше сантиметрден асатын көліктерді сатып алуға мораторий жарияланған болатын, - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балғожин.

 

Білім беру басқармасында көліктер студенттерді оқытуға арналғанын айтты. Себебі оларға әлі де ескі автокөліктермен, тракторлармен білім алуға тура келеді. Сонымен қатар мұндай сатып алудан бас тартқандарын жеткізді.

 

- Өткен жылдың желтоқсанында мұның бәрі кәсіпорындармен, жұмыс берушілермен келісілді. Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес кроссовер және седан жеңіл автокөлігі сатып алынуы қажет болатын. Алайда бұл мәселе жазда шешілді, - деді Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

 

Бас педагогтың айтуынша биыл Елбасының тапсырмасымен 5 колледждің құрылғыларын жаңартқан.