• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың мерзімінен бұрын босату туралы арызы қанағаттандырылмады

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың мерзімінен бұрын босату туралы арызы қанағаттандырылмады

- Бақауов бұл келісімге келіскен кезде және 3 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасына келіскенде ол мерзімінен бұрын босауға құқығы болды. Үкім шыққан кезде де ол заң бойынша жұмыс істеп, өзінің адал еңбегімен мерзімінен бұрын босауға құқығын тез аламын деп ойлады, - дейді Болат Бакауовтың адвокаты.

 

- Менің бес балам бар. Оның төртеуі кәмелетке толмаған. Екі немерем бар. Мен бос уақытымды оларды тәрбиелеуге жұмсаймын, олар барлық жағынан дамыған болғанын қалаймын. Мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып шартты мерзімнен ерте босату үшін сотқа қалдау хат бердім. Оның үстіне ол үшін барлық негіз бар. Пробация қызметінен жағымды мінзедеме ұсынылды, - деді Болат Бакауовтың өзі.

 

Сонымен қатар сотта жұмыс орнынан, тұратын жерінен қоғамдық бірлестіктерден учаскелік полицейден оң мінездемелер ұсынды. Болат Бақауов қазіргі таңда ресми түрде жұмыс істейді. Және ол мерзімінен бұрын босату ол үшін қажет екенін айтты. Себебі іссапарларға шығу керек. Бұл ретте мерзімімен бұрын босату туралы қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерін де тыңдады. Тек ғана прокурор қарсы болған еді, алайда кейін судья да мемлекеттік айыптаушының жағына шықты.

 

- Сотталушы Бақауов Болат Жұмабекұлына ҚР ҚК 72-бабы 8-бөліміне мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынғанына байланысты Сіздің өтінішіңіз қанағаттандырылмады. Бұл талаптар ҚР ҚК 22-бабында (жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері) көрсетілген. Бұл сотталушылар жазаны өтеп жатқан кезде қолданылу күшіне ие. Сіз ҚР ҚК 72-бабы 8-бөліміне жататын ауыр қылмыс жасағандықтан сот сіздің арызыңызды қанағаттандырмады, - деді судья.

 

Судья нәтижесінде Бақауовтың қорғаушылары түсініктеме берген қылмыстық кодекстегі өзгертулерге сілтеді. Павлодар облысының бұрынғы әкімі шешімге аппеляциялық инстанцияда шағымдана алады.