• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының экс-әкімімен болған жол апатында кім кінәлі?

Павлодар облысының экс-әкімімен болған жол апатында кім кінәлі?

Оның айтуынша әлеуметтік желілердегі ақпараттардан соң оны апатқа кінәлі деп айыптай бастаған. Полицейлер көрсеткен жедел мәліметте де осындай ақпарат болған. Қуат Буламбаевтың айтуынша ол ешкімді басып озбаған. Оқиға орнынан алынған кадрлар ақпан айының ортасында желіде пайда болды. Бейне астында Газель мен екі жол талғамайтын көлік соғылды, біреуінде Болат Бақауов болды делінген. Бұрынғы облыс әкімінің қатысуымен болғандықтан апат резонансқа айналды. Бейнежазбада «Lexus LX570” мінген ер адам болған оқиғаны айтуда.

 

 

Полицияда ЖКО дерегін растады. LX470 жол талғамайтын көлігі басқа жолға ауысу кезінде қозғалыс қауіпсіздігін ескермей басқа LX570-кесоғылған. Бірінші лексустың жүргізушісі бүгін оқиға орнында түсірілген кадрлар жарияланған соң, әлеуметтік желілерде оның атына бағытталған айыптаулар қаптап кеткенін жеткізді.

 

-Газельдің артында мен келе жаттым. LX570мені басып озып, менің жүргізуші жақтағы есігімді іліп кетті. Ешқандай жүргізуші алдында көлік келе жатқанын көрсе, басып озуға шықпайды. Дегенмен LX570мені басып озды. Көктайғақта не үшін солай істейді, оның үстіне алдында екі бірдей көлік келе жатқанда ,- дейді телефон арқылы «Lexus LX470»жүргізушісі Қуат Буламбаев.

 

Қуат Буламбаевтың айтуынша қазір оның «Lexus LX470»айыптұрағында. Жол көлік апаты орнынан кетіп қалған себебім машинада қызым мен әйелім болды дейді, бала қатты айқайлаған соң ауруханаға барып, қайтадан оқиға орнына қайтып келген. Естеріңізге сала кетсек, полициядағылар ЖКА дерегі бойынша қылмыстық іс ашылғанған дейді. Алайда процессуалдық шешім әлі қабылданбаған. Сараптама жүргізілуде.

 

Авторы:Бибігүл Хамитқызы