• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының эпиджағдай бойынша «жасылға» өтуіне аз қалды

Павлодар облысының эпиджағдай бойынша «жасылға» өтуіне аз қалды

Балабақшалардағы топтарда 25 балаға дейін жүруге рұқсат. Алайда бір балақайға үш шаршы метрден келуі тиіс. Білім басқармасында қазіргі таңда бұл талапты сақтау үшін топтардағы бүлдіршіндер санын ыңғайлы етіп жинақтауда.

 

- Бақшалар мен мектепке келетін болсақ, бұған дейін олар 15 балаға дейінгі кезекші топтарға барып келген. Қазір 25 адамға дейін рұқсат. Тәрбиеленушілер арасындағы арақашықтық жатын орындардағы кереуеттер арасында ойын бөлмелерінде сақталуы тиіс, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Павлодар облысында өткен тәулікте 46 адам коронавирус жұқтырған. Қазіргі таңда аймағымыз сары мен жасыл аймақтың ортасында тұр. Өңіріміз бойынша 4 аудан мен 1 қала жасыл аймақта. Өткен аптада коронавирус індетінің өсуі екі процентті құраған.