• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының еңбек басқармасы жазатайым жағдайларға қатысты түсініктеме берді

Павлодар облысының еңбек басқармасы жазатайым жағдайларға қатысты түсініктеме берді

Бұдан бөлек, басқармада құм астында қалып, көз жұмған 19 жасар жігіт жайлы түсініктеме берді. Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылында орын алған екен. 19 жасар жігіт су құбырларын тартып жатқан кезде, құм астында қалып қойып, сол жерде көз жұмады.  

 

- Кеше түскі 4-тен кейін орын алған жағдай. Бүгін Екібастұз жаққа біздің инспектор жіберілді, істің мән жайы анықталуда. Енбек келісімі бар екендігі анықталып, тергеу жүргізілу немесе істі сотқа жіберу қарастырылады. Оқиға бойынша жұмыс жасалуда, - дейді Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

 

ЗКТ: Бұдан бөлек, еңбек басқармасында ПавлодардағыТорайғыров көшесіндегі көпқабатты үйдің құрылысы кезінде жазатайым оқиғаға қатысты жүргізіліп жатқан тексеріс туралы да айтып кетті. Маусым айында бетондардың құлауы кезінде 3 жұмыскер зардап шеккен еді.

 

- Сараптама алдағы күндері дайын болады. Барлық тергеу жұмысы соған негізделген. Бірден нүктесі қойылады. Зардап шеккендер қазір өзін жақсы сезінуде. Омыртқасы жарақаттаған азамат, қазір біраз сауығып, өзі жүре бастаған екен. Оңалту мүмкіндігі жоғары, - деп атап өтті Асқар Қапанов. 

 

 

Еске сала кетейік, құрылыс нысанында жұмыс істеген азаматтардың барлығы Өзбекстандықтар екендігі және ол жердезаңсыз еңбек еткені анықталған еді. Сараптама шыққан бетте, тергеу нәтижесі де өзін көп күттермейді деді еңбек басқармасында.