Павлодар облысының кітапханашысы ел бойынша үздік болып танылды
Оксана Паталах мектепті тәмамдағаннан кейін кітапханашы болуды шешкен. Дегенмен тек 20 жылдан кейін ол өзінің сүйікті ісімен белсенді айналыса бастады. 2013 жылы Новочерноярка кітап қоймасында алғашқы жұмысына кірісті. Бүгінде Павлодар география үйімен тығыз байланыста екен. Тіпті ауылда оның филиалы ашылған.
- Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгере бастадым. Себебі заман ағымы, адам талабы өзгеріп барады. Ескі жүйе арқылы оқырмандарды қызықтыру жеткіліксіз. Оған қоса ауылдық жер, - деді кітапханашы Оксана Паталах.
Павлодар география үйі Оксана Паталахпен бірге «Ақпараттық-өлкетану орталығы» жобасын құрды. Сондай-ақ, шағын гранттар байқауында ол үздік атанып 500 мың теңгеге ие болған. Қаражатқа кітапханаға сөрелер, үлкен теледидар, ноутбуктер сатып алынған.
- Біздің орталықтандырылған кітапхана жүйесі Павлодар ауданының 21 кітапханасынан тұрады. Кітап қоры 113 мың кітаптардан тұрады. 20 ауылдық кітапханамыз бар, - деді Павлодарское ауданының ОКЖ директоры Гүлнар Каужапарова.
Бүгінгі таңда «Рухани қазына» фестивалі аясында Оксана Паталах Қазақстан Республикасының ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапханасының үздік қызметкері. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлылығы үшін түрлі жобалар іске асуда.

