• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының санитарлық-қорғау аймақтарының өмірлік жағдайы көрсеткіштері төмен

Павлодар облысының санитарлық-қорғау аймақтарының өмірлік жағдайы көрсеткіштері төмен

«ЭКОМ» ҚБ Павлодар облысы кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарында жасыл желектердің жерсінуіне мониториі жүргізуде. Жыл сайын аймақтың ірі компаниялары ауаның ластануын азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін ондаған мың ағаш отырғызады. Алайда, кейіннен олар отырғызылған жасыл алаңдарға жеткілікті бақылау жүргізбейді. Ағаштардың көп бөлігі күйзеліске ұшырайды. «Ертіс өңіріне жасыл көзқарас 2022» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырып жатыр.

Павлодар облысы – атмосфераға шығарылатын ластауыш заттар көлемі бойынша көшбасшы. Сондықтан аймақ ауасының ластануын азайту үшін барлық шаралар өте маңызды. «Эком» ҚБ биыл маусым айынан бастап Павлодар облысының ірі кәсіпорындарына отырғызылған көшеттер жерсінуін бақылау үшін мониториңдік шығулар жүргізеді.

- Шығуларды жүзеге асыру кезінде біз көптеген адамдардың қоғамдық бақылау тобының қатысушысы болуға дайын екендігіне көз жеткіздік. Оқушылар, студенттер, аналар, сарапшылар және тіпті экологтар өз ниетін білдірді. Шын мәнінде, мұның бәрін түсінуге болады, өйткені әрқайсымыз үлкен техногендік ауыртпалықты бастан кешіреміз және санитарлық-қорғаныс аймақтарында көшеттер отырғызудың құндылығын түсінеміз. Бұл екпелер ластаушы заттары бар ауаны мүмкіндігінше жасыл массада ұстап, тазартуға мүмкіндік беретін етіп жасалған, - Светлана Могилюк «ЭКОМ» ҚБ төрағасы.

Мониториңдік шығулар ағаш отырғызуды ұйымдастыру кезінде кәсіпорындар тап болатын көптеген проблемалар анықталды. Кәсіпорындарда отырғызғаннан кейін ағаштардың өмір сүруін кәсіби түрде бақылай алатын мамандар жоқ. Олар келісімшарттық міндеттемелерді әрдайым адал орындай бермейтін мердігерлерге жүгінеді. Сондай-ақ, кәсіпорындар отырғызылған ағаштың тұқымдық-түрлік құрамы туралы жоғарыдан тапсырмалар алады, олар белгілі аймақтарға әрдайым сәйкес келе бермейді.

«ЭКОМ» ҚБ қоғамның және барлық мүдделі топтардың назарын жауапсыздық тәсілмен отырғызу проблемасына тарту үшін адвокация құралдарын пайдаланады және ақпараттық науқан жүргізеді.