• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысының тұрғындары жарықсыз жолға шағымдануда

Павлодар облысының тұрғындары жарықсыз жолға шағымдануда

Бұл тас жолдағы жаяулар өткелін күнделікті 100-ден аса адам пайдаланады. Күндіз келе жатқан көліктер көрінгенімен, түнгі уақытта жолдан өту қауіпті. Кент әкімі жарық мәселесі туралы хабарымыз бар деді. Аталмыш телімге ұлттық компания өкілдері жауапты екенін мәлімдеді.

 

- Бейнеде көрсетілген жарықсыз тұрған аялдама павильондары «Қазавтожол» АҚ-ның теңгерімінде. Біздің тараптан ұлттық компанияға бағаналардағы жарықшамдарды ауыстыру туралы айтылды, - деп мәлімдеді Ленин кентінің әкімі Маржан Алшынбаева.

 

- Аталмыш жер теліміндеғі кейбір бағаналардың жарықшамдары істен шықты. Сондай-ақ, кабельдерді ауыстыру қажет. Қазіргі уақытта онда электр қызметкерлері және мердігерлік ұйым жұмыс жасауда, - деді телефон арқылы «Казахавтодор» ЖШС Павлодар облысы филиалының баспасөз хатшысы Сания Абдыкаримова.

 

Ленин кентінің кіре берісіндегі жарықшамдарды қайта іске қосу жалғасуда. Нақты қай бағанада олқылық бар екені анықталғаннан кейін жөндеу мерзімі белгілі болады.