• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар перзентханасында балалардың ауысып кетуі жайлы іске сотта нүкте қойылды

Павлодар перзентханасында балалардың ауысып кетуі жайлы іске сотта нүкте қойылды

Светлана Педченко әлеуметтік желідегі суреттерді көріп отырып ортақ таныстарына тап болған. Кейін қызымен бірге тест жасаған, ол туғаны емес болып шыққан. Сөйтіп екінші отбасыға хабарласқан. Тек шілде айында ғана Светалана өзінің мүмкін туысқанымен ДНК-ға анализ тапсырған. Оның нәтижесі ресейлік арнаның бағдарламасында белгілі болды. Бұған дейін Светлана бірінші инстациядан өтіп, 20 миллион моральдық шығын талап еткен болатын. Алайда оның өтінішін қанағаттандырмады. Ол эфирде алған айғақтарды аппеляциялық алқаға ұсынған болатын. Жақында тағы бір отырыс өтті.

 

- Іс өтініш берушінің тілегімен жабық сот отырысында қаралды. Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қаулысымен Павлодар қалалық сотының 2021 жылғы 20 мамырдағы шешімі өзгеріссіз қалды. Аппеляциялық шағым қанағаттандырылмады. Себебі қуынымға жауап беруші тарап жоқ, - дедіПавлодарлық облыстық соттың баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Облыстық сот шешімі бірден заңды күшіне енді. Перзентхана жабылып қалғандықтан, кімнен сұрау қажеттігі белгісіз деген себеппен шағым қанағаттандырылмады. Айта кету керек, Железин ауданындағы ауруханада ауысып кеткен 35 жастағы ер адамдарға қатысты да осындай шешім шығарды.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы