Павлодар саяжайларына қоғамдық көліктер осы демалыста соңғы рет қатынайды
Павлодарда 20 бағбаншылық бар. Оларға дейін 19 автобус және 4 трамвай жүреді. Қала әкімдігінде саяжай маусымы сәуірден басталып, қазан айында аяқталатынын айтып отыр. Биыл қоғамдық көлік бағбаншылықтарға дейін соңғы рет осы демалыс күндері жүреді.
- Ағымдағы жылдың бірінші қазанынан бастап қоғамдық көліктің саяжай алқаптарына дейінгі қозғалысы тұрақты негізде тоқтатылады. Сонымен қатар, өнімдерді жинау мүмкіндігі үшін демалыс күндері, яғни ағымдағы жылдың 2-3 қазан күндері саяжайларға дейін автобустар жүреді. Сонымен қатар, трамвайлер тек демалыс күндері жүретін болады. Трамвайлар ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін жүреді, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.
Алайда, ауа райы жылынған жағдайда саяжай телімдеріне қатынайтын автобустардың мерзімі өзгеруі мүмкін. Өзгерістер болған жағдайда қала әкімдігінің әлеуметтік желісінде ақпарат жарияланатын болады.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа