• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар тұрғындары аялдамада 1 сағаттан аса тұруға мәжбүр

Павлодар тұрғындары аялдамада 1 сағаттан аса тұруға мәжбүр

- Бір жарым сағат автобус күдудемін. Тоңып қалдым, - дейді қала тұрғыны.

Коммуналшылар қоғамдық көлікті күту уақыты артқанын растады. Оны мамандар енгізілген төтенше жағдаймен байланыстыруда.

- Қазіргі уақытта қоғамдық көлік штаттық тәртіпте жұмыс жасауда. Төтенше жағдайға байланысты кейбір автобустардың жүру бағытына өзгерістер енгізілді. Желіге күнделікті шығатын қоғамдық көліктердің саны бұрынғыдай. Бұл бағытта мәселе жоқ, - деп хабарлайды Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Данияр Батырбеков.

Сондай-ақ, коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты автобустар мен трамвайлар желіге таңғы сағат 7:30-дан шығуға мәжбүр. Кешкісін қоғамдық көліктің жүрісі 20:00-ге дейін шектеледі.