• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар тұрғындары бірден 5 су құдығы істен шықты деп шағымдануда

Павлодар тұрғындары бірден 5 су құдығы істен шықты деп шағымдануда

 

 

Алтай көшесі маңындағы тұрғындар ауыз су алу үшін үлкен қашықтықты бағындыруға мәжбүр деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Валентина Радченко Алтай көшесінде көп жыл тұрып келеді. Зейнеткердің айтуынша, үйге ортақ су желісін тартуға қаражат жоқ. Сол себепті ол және оның көршілері тіршілік нәрін ауданда орналасқан орталық құдықтардан алады. Олардың жақын маңайда орналасқан 5-еуі істен шыққан. Сол себепті адамдар мәселеге назар аударуды сұрайды.

 

- Менің үйіме жақын орналасқан бұл құдық өткен жылы қараша айынан жұмыс істемей тұр. Осы мәселе бойынша барлық инстанцияларға хабарластық. Бірақ, бұдан еш өзгеріс жоқ. Осыған байланысты, біз 500 метрден аса қашықтықта орналасқан құдыққа барып жүрміз. Зейнеткер басымызбен алыстан су тасу біз үшін қиын. Сол себепті көмек сұраймыз,-деді Алтай көшесіндегі №9/2-үйдің тұрғыны Валентина Радченко.

 

Зейнеткер тұратын ауданда жалпы 8 құдық бар екен. Литвинов 8/1, Алтай 8, 20, Хабаровская 13 және Целинная 14 мекенжайындағы су көздері істен шыққан екен. Алпауыт телефон арқылы екеуі жөндеуден өтіп жатыр деп мәлімдеді. Қалғандары қатып қалған. Апаттық бригада мамандары бүгін аталмыш аудандағы құдықтарды жылытуға тырысады.