• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар тұрғындары бірнеше жыл бойы қайнақ су және жылу мәселесін шеше алмауда

Павлодар тұрғындары бірнеше жыл бойы қайнақ су және жылу мәселесін шеше алмауда

 

 

Адамдар қыс мезгілін әрдайым қорқынышпен қарсы алатындарын айтады. Әрбір пәтерде су және электр жылытқыштар орнатылған. Бұған қарамастан, баспаналары салқын.

 

-Батареяны ұстап көріңіз, тіпті жылы да емес, суық! Қанша уақыт бойы күтсең де, жылы болмайды да!,- дейді тұрғындар.

 

Екінші Павлодар ауданындағы Днепропетровская көшесіндегі 84-үй жеке сектордың арасындағы жалғыз көпқабатты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыл сайын олар қайнақ су және жылу мәселесіне тап болады. Краннан қанша күтсең де сәл жылы су ағады екен.

 

-Жыл сайын бір жағдай қайталанып отырады. Ыстық су үнемі жоқ. Әрбір үйде су жылытқыштар орнатылған. Барлығы мәселе туралы біледі. Бірақ ешкім шара қолданбайды. Үйге су 31 градуспен келеді. Бұл өте төмен көрсеткіштер. ПИК өкілдері жылытқыштарды өшіріңдер сонда қайнақ келеді дейді. Бұл мәселені түсіндірудің күлкілі әдіс,-деп жеткізді үй тұрғыны Марина Никитина.

 

- Біздің шенеуніктер тыңдайды деген сенімдеміз. Себебі жағдайымыз мәз емес. Қыс келе жатыр. Биыл аязды күндер көп болады деген болжам бар. Ал үйге келетін құбырлар ашық жатыр. Оларды жабу керек. Көршілес үйлердің іші ыстық. Ал біз тоңып жүреміз. Және қайнақ су да қалыпты температурада берілмейді,-дейді өзге тұрғын Валентина Павлова.

 

Адамдар көпқабаттыға келетін жылу құбырларын көрсетуде. Олар далада ашық күйде жатыр. Пәтер иелері жылу жетіспеушілігін коммуникацияның сыртта жатқанымен байланыстыруда.

 

- Днепропетровская 84 мекенжайындағы үй орталық жылу жүйесінің соңғы нүктесінде орналасқан. Желінің жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес жүйедегі қайнақтың айналымы жоқ. Бізге бұл желілерді сенімді басқаруға берді. Жүйедегі айналымды нормаға келтіру үшін қосымша құбырдың құрылысы және сорғы құралдарын орнату керек,-деп мәлімдеді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Роман Гончаренко.

 

Энергетикалық компания өкілдері желідегі жылудың болуына ғана жауапты екендерін айтты. Қала әкімдігінде жылыту маусымы аяқталғаннан кейін қосымша сорғы орнату мәселесін қарастырамыз деді. Ол үшін ең алдымен жобалық-сметалық құжаттама дайындау қажет. Құрылыс бөлімі бұл сұрақпен 2023-ші жылы ғана айналысады.