Павлодар тұрғындары жағымсыз иіске шағымдануда

Жалпы мәселе, күзде «Достық» ауданынындағы жаңа үйлерді қолданысқа бергенде пайда болса керек. Мәселе бойынша тұрғындар барлық инстанцияларға хабарласқан, алайда желі ешкімнің теңгерімінде жоқ деген. Бұл жағдайды тез арада шешпесе, адамдар шекті шараға баруға дайындықтарын жасырмады.

- Біз мұнда тұрамыз. Үйіміздің қасында жағымсыз иісі бар көл пайда болды. Қазір қатып тұрғандықтан иісі аса қатты сезілмейді. Ал күн жылынғанда мұның барлығы не болады екен. Қазір мұз қалыңдығы 20 сантиметрді құрайды. Суды тоқтату үшін өз күшімізбен құмнан бөгет жасадық. Оның көмегі шамалы, - дейді тұрғын Владимир Сафранов.

- Мұнда адамдар жиі жүреді. Кәріз қақпағы жоқ. Тек қана плитамен жартылай жауып қойған. Біреу құлап кету қаупі бар. Бағбаншылықтың дәл кіреберісінде осындай көрініс. Кәріз жүйесінің құрылысын соңына дейін аяқтамаған. Бізге оның иесі жоқ деді. Әкімдік шара қолданбаса, көктемде мен бір камаз құм әкеліп, кәріз желісін жауып тастаймын. Сосын бұл лас су басқа жерден атады, - дейді бағбаншылық төрағасы Александр Блинов.

Бағбаншылық тұрғындары кем дегенде арнайы ассенизатор көлігін шақырып, кәріз құдығындағы суды сорып шығаруды сұрайды. Біз қала әкімдігінен аталмыш мәселе туралы түсінік беруді сұрадық. Жауап күтудеміз.