• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар тұрғындары: «Үй салынғалы ауладағы балалар алаңқайы жаңармаған»

Павлодар тұрғындары: «Үй салынғалы ауладағы балалар алаңқайы жаңармаған»

Қамзин, 352 және 354-ші үйдің тұрғындары басқа аулаларға қызығушылықпен қарайды. Айтуларынша, олардан басқасының барлығында заманауи балалар алаңдары бар. Орын болғанымен, шенеуніктер құрылыс жұмыстарын бастауға асықпауда дейді.

- Әкімдікте бірнеше жыл бойы балалар алаңын сұрап келеміз. 33 жыл бұрын қолданысқа берілген үйдің алдында кеңес үкіметінің әткеншектері тұр. Олар балалар үшін қауіпті. Құмның үстімен ойнап, үсті-бастары қап қара болып келеді. Бізді нақты қашан алаң болады деген сұрақ алаңдатуда, - дейді Қамзин көшесіндегі №352-үйдің тұрғыны Сәуле Айтжанова.

- Біз бірнеше рет өтініш қалдырып, мұнда жергілікті депутаттарды шақырдық. Олар бұл жер телімнің астында жерқойма бар деген сылтаумен құрылыс жұмыстарын бастамауда. Кезінде мұнда балалар алаңы болған, қазір неге оны құрастыруға болмайды, - дейді ПИК төрайымы Фатима Кадымова.

Ал қала әкімдігінде аулаларды абаттандыру конкурсы кеш ойнатылғанына байланысты жұмыстарды тоқтатуға тура келгені туралы айтты.

- 2021-ші жылы жобалық сметалық құжаттамасы бар 50 ауланы абаттандыру жоспары болды. Қамзи, 352 мекенжайы аталмыш тізімге енді. Өкінішке орай, биыл конкурстық шаралар кеш тамызда аяқталған болатын. Күзгі маусымға байланысты аталмыш жұмыстарды уақытында орындау мүмкіндігі болмады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Осыған байланысты аталмыш жұмыстарды сапалы орындау мақсатында жаңа алаңдардың құрылысы 2022-ші жылы басталады. Сондай-ақ, биылғы бюджет нақтыланғаннан кейін жаңа мекенжайлардың тізімі пайда болады. Оны құрастыру барысында балалар мен жас отбасылар тұратын мекенжайларға басымдылық беріледі.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.