• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар тұрғыны: «Мүгедектерге арналған баспана бағдарламасы керек»

Павлодар тұрғыны: «Мүгедектерге арналған баспана бағдарламасы керек»

Жуырда оған Ленин кентінде қайда жаңғыртылған 86-жылғы көпқабатты үйді ұсынған. Алайда онда мүгедектерге жағдай жасалмағандықтан бас тартқан.

- Мен хабарласып білдім, үй шетте орналасқан, жанында дәріхана, дүкен ештеңе жоқ. Ыстық су жоқ, жылытқыш сатып алу керек. Үй ескі болғандықтан пандус жоқ, жағдай жасалмаған. Ескі үй болғандықтан жылу жоқ. Пеш жағу керек. Мүгедектерге осындай баспана ұсынып отыр, - дейді Мадина Жаябаева.

Мадина өз пәтеріме төлеуге дайынмын дейді. Мүгедектігіне байланысты алатын жәрдемақысы мен жалақысы бар. Алайда мұндай жандарға арналған ешқандай мемлекеттік бағдарлама жоқ. Мүгедектігі мерзімсіз болғандықтан зейнетақы жинақтары есепшотқа түспейді. Ал онсыз несие рәсімдей алмайды. Жалғыз амал қосалқы қарыз алушысы болуы керек. Ал оның ата-анасы зейнетте болғандықтан бұл мүмкін емес.

- 2018 жылдан «Бақытты отбасы» бағдарламасы шықты, ол кезде кезекте тұрғандарға «Шаңырақ» болмады. Енді міне ол да бар. Келесі жылы кезекте тұрғандардың барлығына арналған басқа да бағдарламалар шығады. Олар барлығынында баспана сатып алуға мүмкіндік болғандай жасалады. Тек сәл күте тұру қажет, - дейді Павлодар қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Ақерке Еламанова.

Айта кететіні, Павлодарда жыл сайын қолданысқа берілетін бір үйдің 25 пәтері осы санаттағыларға беріледі. Бұл ретте Мадинаның өз баспанасына қашан қол жеткізетіні белгісіз.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова