• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар тұрғынын балабақша күзетшісін өлтіргені үшін соттады

Павлодар тұрғынын балабақша күзетшісін өлтіргені үшін соттады

Жұмыс орнында ішімдік ішіп арты қайғылы аяқталды.
Тергеу нұсқасы бойынша 40 жастағы ер адам балабақшада күзетші болып істейтін танысына келіп, екеуі бірге ішімдік ішкен. Кейін өзара жанжал туындап, 45 жастағы күзетшіге пышақ жарақатын салған. Нәтижінде ол көз жұмады.   
- ҚРҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру шешімі тағайындалды. ҚР ҚК 46-бабы 5-бөлімі 3-тармағына сәйкес жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейді, - дейді Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Құдабай Сұлтанов.
Ер адам өз кінәсін мойындады. Оны марқұмның туысқандарына бес миллион, ал балаларына он миллион теңге төлеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Авторы: Бибінұр Хамитқызы