Павлодар жастары жаттығатын орынды өздері жасап алған

Торайғыров көшесіндегі №103-үйдің ауласындағы алаңқай павлодарлық  «стритворкаут» қозғалысының бірегей туындысы деп атауға лайық Жергілікті белсенділер әткеншектің конструкциясынан гимнастикалық белтемір жасаған. Снарядтан түсу жеңіл болу үшін, ескі матрас төсеп қойған. Қазіргі таңда қаламызда заманауи, әдемі стритвокраут алаңдары жеткілікті. Дегенмен, бұндай ескі темір снарядтарына деген балалық кезден қалған сүйіспеншілік бар. Тіпті, ностальгияға бөленуге болады. Күн сайын бұл жерде ондаған бала жаттығу жасайды. Кешен тек түнде ғана босайды, қалған уақытта, дайындық жасауға келетіндердің қарасы қалың.

 

- 20-25 адам келеді, ең көп дегенде 30-40 адам жиналатын. Бір-бірінен бұл жер туралы естіп, жастар көптеп жинала бастады. Дайындықтар керемет өтеді, - дейді воркаут спортшысы Руслан Тоқсейітов.

 

Жарақат алу қауіпі де жоқ емес. Дегенмен, бұл жасөспірімдері тоқтатпайды, қайта, мұқият болып, қателікке бой алдырмау үшін, шеберліктерін шыңдауға жігерлендіреді.