Павлодар жолдарына белгі орнату жұмыстары 35 пайызға аяқталды
Тұрғындар тарапынан реттелетін жолда сары-ақ бояуды қайтару керек деген өтініштер түспеген. Қажет болған жағдайда оны орнату мүмкіндігі бар.
-
Техникалық құралдардың стандартына сәйкес жол өткелінде бағдаршам болған жағдайда пунктирлі сызық орналастыруымыз қажет. Ал реттелмеген өткелдерге қарапайым жол өткеліндегі белгі орнатылады,- дейді Павлодар қаласы ПБ мемлекеттік көлік инспекторыЕрлан Қожахметов.
-
2022-ші жылы аталмыш белгіні орнату бойынша кездесулер өтті. Биыл реттелетін жол өткелдеріне пунктирды, яғни нүкте сызықтары салынып жатыр. Қазір 11 көшеде жұмыстар аяқталды. Реттелмеген өткелдерге сары-ақ бояумен сызылады,- дейді мердігер Владимир Ковалев.
Бұдан бөлек, Назарбаев даңғылында пилоттық жоба ретінде термопластиктен белгілерді салу басталды. Аталмыш материалдан жасалған жолақтар биыл күрделі жөндеуден өтетін 12 көшеде орнату жоспары бар.
Авторы:Айтмұхамбет Айғожа