Павлодар жолдарына белгілерді салу жұмыстары басталды

 

 

Жол белгілерін салу жұмыстары түнгі уақытта жүргізіледі деп жеткізді irbistv.kz тілшісі.

 

Барлығы көліктердің кептелісін болдырмау үшін. Екі жолақты сызықтарды тәртіп сақшылары бекітеді. Олар да күн батқанда жол қауіпсіздігін сақтау үшін жұмыстар жүргізіліп жатқан көшелерді жабады.

 

- Осы жұмыстарды жүргізу барысында көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында, аталған жұмыстар түнгі уақытта жүргізілуде. Қазіргі уақытта, мына негізгі Сәтпаев көшесінде және мына Астана көшесінде жұмыстар аяқталуға жақын, аяқталып қалды. Сондай-ақ, Ломов көшесінде, Бектұров көшесінде белгілі бір бөліктерде жол жолақтарын бояу жүргізілуде,-деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Оразбек Саяхат.

 

Айта кетсек, жол сызықтарын салу жұмыстарын далада +10 градустан жоғары болғанда орындау керек. Әдетте, көктем мезгілінде коммуналшылар қарапайым бояуды қолданады. Жазда термопластик материалын жағады. Ол асфальтта ұзақ сақталып, жарықты кері қайтару қасиетімен белгілі.