Павлодар қаласы жылу маусымына дайын ба?

Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Рашитовтың айтуынша: «296 үй 80 пайыз дайын. Көбінде тек ішкі жүйені шаю жұмыстары қалған. Көптеген қызмет көрсетуші ұйымдар. Ол үйлердің біразында ыстық су жоқ, сол себепті бұл шараларды атқара алмай отырғандарын жеткізді». 

 

 

Биыл Павлодарда алты жарым шақырымнан аса құбырды ауыстырған. Ауқымды жоба Назарбаев даңғылы, Парковая көшесіндегі жылу торабында жүзеге асыруда. Ал алпауыт Дачный мен Усолкада қыста ыстық болатынына кепілдік бере алмайтынын айтты.

 

- Оны салды ғой, алайда ландшафт жағынан біздегі геодезиялық белгілер әртүрлі. 1 ЖЭО деңгейі Дачный мөлтеауданындағы белгіден 30 метрге жоғары. 30 метр айырмашылық ол өте көп. Саяжай массивінде сорғы станциясын салмай болмайды. Ол әлі салынып бітпеді. Сол себепті біз су жібере аламыз алайда ол су циркуляциядан өтпейді, - деді «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженерінің орынбасары Павел Плетухов.

 

Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша сорғы станциясы болады, сол себепті Дачный мен Усолка аудандарының тұрғындарына уайымдаудың қажеті жоқ. Алпауыт шамамен 200 шақырым құбырды ауыстыру қажеттігін айтты. Мүлік әкімдіктікі болғандықтан тығырықтан шығар екі жол бар. Бюджеттен ақша бөлу немесе тарифті көтеру. Алдағы қыста жылу желілерінде жүзден екі жүзге дейін апат орын алуы ықтимал деп болжайды.