• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар қаласында осы демалыс күндері жылжымалы медициналық пункттері жұмыс істейтін болады

Павлодар қаласында осы демалыс күндері жылжымалы медициналық пункттері жұмыс істейтін болады

Павлодар шартты түрде 10 учаскеге бөлінді, әр нүктеде демалыс күндері жылжымалы медициналық пункт болуы керек. Ең бастысы, алысқа барудың қажеті жоқ. Вакциналардың екі түрі бар: ресейлік және қытайлық. Бірінші және екінші компонентті де жасауға болады.

- Демалыс күндері «Квазар» СҮ маңында жылжымалы пункттер қызмет етеді. Үй кіреберістерінде қаламызда қай жерде орналасқаны жайлы ақпарат жария етіледі. Мысалы, тамыздың 28-і Затон мөлтек ауданы бойынша Мәшһүр Жүсіп, 288, Хим қалашығы бойынша Айманов 43, Сарыарқа бойынша Шөкин 157/2 мекенжайы бойынша автобустар тұрады. Алдағы демалыс күндері жұмыс істейді, - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева дейді.

Тамыздың 29ы- жылжымалы орындар Дачный, Зеленстрой мен Автомобилист шағын аудандарында болады. Конституция күні автобустар Усолка, Шығыс мөлтек ауданына және екінші Павлодарға дейін барады.