• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар қаласында саяси қуғын – сүргін құрбандары рухына тағзым етті

Павлодар қаласында саяси қуғын – сүргін құрбандары рухына тағзым етті

 

 

 

 

Мамырдың 31-і - Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл ретте 1917-1986 жылдары репрессияға ұшыраған, ашаршылық қиындығын көрген, желтоқан оқиғасы кезінде күнә ілінгендерді еске алды. Қазіргі таңда Павлодар облысында ақталып шыққан бірнеше желтоқсандық қана бар. Ал мемлекет президентімен қуғын – сүргінге ұшырағандар тарихын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылған.

 

- Осы өлкенің ғалымдары, өлкетанушылары, тарихшылары сол комиссияда жұмыс істеп, 31 топ республика бойынша, ал Павлодар бойынша 17-ші томды жазып, зерттеп бердік. Жалпы бұған негіз болған сол репрессияға, қуғынға ұшыраған адамдардың тағдыры, протоколдары, есептері,-дейді Желтоқсан оқиғаларына қатысушы Айман Зейнулина.

 

Қазақ тарихында елеулі рөл атқарған жайттың бірі – соғыс жылдары елімізге көшірілгенөзге ұлт өкілдері. Қиын – қыстау кездерде репрессияға ұшырағандарды қонақжай халық аман алып қалды. Ал бұл елеулі оқиға сол жылдары қазақ даласына тап болған Хамзат атаның мәңгі есінде.

 

-Біздерді сол кездегі Лебяжье жаққа алып барды, әке сол жерде дүниеден өтті. Павлодарда сол жылдардан бері мекен етемін. 1956 жылы Кавказ жаққа кетуге рұқсат берілген еді. Мен бармадым, жастық шағым осында өтті. Қазақ халқындай халық, әлемде жоқ. Қазақстан жақсы жер, осы жерде тұрамын деп шештім. Қазір жасым 92- жетті, - дейді саяси қуғын – сүргін құрбаны Хамзат Доурбеков.

 

Бұл жиында мектеп оқушылары мен студенттер де белсенділік танытты. Олар да ересек буынмен ілесіп гүл шоқтарын қойып, құрбандардың рухына тағзым етті. Тарихты білу, әсіресе мемлекет тарихында орын алған осындай оқиғаларды есте сақтап,зиярат ету – жастардың міндеті.