• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар қаласындағы барлық көп қабатты үйлерде жылу бар

Павлодар қаласындағы барлық көп қабатты үйлерде жылу бар

Бұл үй тұрғындарының басым бөлігі – зейнеткерлер. Егде жастағы адамдар ыстық су мен жылусыз жарты айдан аса отыр. Пәтерлері салқын, ыдыс жуу нағыз сынаққа айналған дейді.

 

- Бердік дейді 24-інде бір күн де болған жоқ. Бірдеңені тарсылдадаты КСК-мен күнде ұрсамыз. Күнде хабарласамыз. Олар жылу мамандары дұрыс бере алмай тұр. Жөндеу жүріп жатыр дейді. Ал біздің кінәміз қанша? Үнемі ақшасын төлейміз. Осылай киіммен жатамыз. Киіммен тұрамыз. Ауырамыз, - деді Катаев көшесіндегі №48-үйдің тұрғыны Тұрсын Сарина.

 

Үйдің жертөлесінде орналасқан барлық құрылғылар жуырда жаңартылған. Қысқы маусымға дайындық та уақытында жүргізіліпті. Бүгінде жылу есептеуіштегі сандар қайнақтың кіру параметрі 66 градусты көрсетсе, шығуда құрылғы 36-ны құрайды. ПИК төрайымының айтуынша, бұл тым төмен көрсеткіштер.

 

- Алдын-ала актілерін біз 4-ші мамырда алдық. Бұл 4 үй жылу қабылдауға 100 пайыз дайын. Жуып-шаю жұмыстары да уақытында жасалды. 24-ші қыркүйек күні барлық жүйелер іске қосылды. Барлығы ойдағыдай өтті. Кейін жақын маңайда апат орын алып, бүгінде жылу желілері төмен параметрлер беріп жатыр. Бұл сында біздің кінәміз жоқ. Алпауыттан күнделікті қашан бересіңдер деп сұраймыз,- деді ПИК төраймы.

 

Мәселеге қатысты сауалымызға телефон арқылы жауап берген алпауыт энерго орталықтан жіберілетін параметрлер нормаға сай дейді. Және бүгінде барлық 1275 көпқабатты үйге жылу берілгендігін мәлімдеді.