• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар қаласының әкімі ақпанның 10-ы халық алдында есеп береді

Павлодар қаласының әкімі ақпанның 10-ы халық алдында есеп береді

Карантиндік шараларға байланысты барлығы - онлайн. Ол уақытқа дейін павлодарлықтар өз сұрақтарын жолдау тәсілін таңдай алады.

 

- Тұрғындар қала әкіміне өз сауалдарын «Zoom» конференциясы, 109 телефоны арқылы және әлеуметтік желілерде жазба қалдыру арқылы қоя алады. Әрбір павлодарлық 4-9 ақпан күндері аралығы, яғни жұмыс күндері сағат 09:00 мен 17:00-ге дейін «Open Pavlodar” фронт кеңсесіне Павлодар қаласының әкіміне өзінің бейнежазбасын қалдыруға мүмкіндігі бар. Кривенко көшесі, 25. 1-ші қабат, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Ержан Иманслямға «Facebook», «Instagram» парақшаларындағы ресми аккаунттарына да жазба жасауға болады. Айту керек, қала әкімінің халық алдында есеп беру кездесуін «Ирбис» арнасында ақпанның 10-ы күні тікелей эфирде көруге болады. Басталуы: сағат 11:00.