• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар үш жылдан кейін алғаш рет облыстың үздік жүзгіштерін қабылдады

Павлодар үш жылдан кейін алғаш рет облыстың үздік жүзгіштерін қабылдады

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған мұндай жарыс спортшылармен бапкерлерді біріктіреді. 400 метр қашықтықта 16 жасар Данил Фреймен үздік болды. Бүгінде ол Павлодар облысының болашақ жұлдызы. Алайда, жеке бапкері көшіп кеткен.

- Галина Владимировнамен 5 жыл дайындалған болатынмын. Сол кісінің арқасында мен кәсіби спортшы ретінде қалыптастым. Қазір ең бастысы спорт нормативін орындау. Болашақта олимпиадаға баруды армандаймын, - деді облыс чемпионатының жеңімпазы Данил Фрейман.  

Екінші орынға Григорий Муганцев жайғасты. Бұдан бұрын ол көшбасшылардың позициясында болған еді. Пандемия психологиялық және спорттық тұрғыдан өз әсерін тигізгенін мойындады. Елдің еңбегі сіңген жаттықтырушысы Лев Акопов биыл 80 жасқа толды. Зейнеткер балаларды жарысқа жиі жіберіп отыруды сұрайды.     

- Балалармен жұмыс жасағанда өзіңді жас сезінесің. Мен кішкентайларды жаттықтырамын. Барлығы салауатты өмір салтын ұстанғанын қалаймын, - дейді ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Лев Акопов.  

Үздіктерге медальдер мен мадақтамалар табысталды. Енді олар аймақ намысын республикалық жарыстарда қорғайтын болады.