Павлодар әуежайында Нұр-Сұлтанға рейстер қайта іске қосылды
Сонымен қатар туристік орталық саналатын Түркістанға да ұшу мүмкіндігі бар.
- Қазір аптасына 18 әуе рейсі жүзеге асырылады. Оның 11-і «Fly Arystan» мен Алматыға ұшады. «SCAT»пен 3 рейс Түркістанға барады. Жақында көптен күткен әлеуметтік маңызды Павлодар-Нұрсұлтан бағыты қайта іске қосылды. Оны «Qazaq Air» әуе компаниясы орындайды. Нұрсұлтанға ұшу 13 мыңнан Алматыға 8 мыңнан басталады, - деді «Әуежай Павлодар» АҚ басқарма төрағасы Ескендір Жандәулетов.
Ал Павлодардан Түркістанға жету үшін 25 мың төлеу керек. Ел ішінде ұшсаңыз ПТР тест тапсырып қажет емес. Дегенмен де ұшаққа кіру үшін «Ashyq» қосымшасынан өтуге тиіссіз Қызыл және сары статусы барлар кіргізілмейді. Егер клиенттің смартфоны болмаса ЖСН арқылы тексереді.
- 2019 жылмен салыстырғанда әуе рейстері шамамен 50 пайызға қысқарды. Адамдар ағыны да кеміді. Қаржы да осыншама санға төмендеді. Пандемия басталғады бері қызметкерлеріміздің саны да орта есеппен елу адамға қысқарды, - деді Ескендір Жандәулетов.
Пандемия басталғалы біздің аймақтан шетелге ұшу мүмкін болмаған еді. Өзге елге соңғы рейс 2020 жылдың 31 наурызында аттанған. Қазіргі таңда әлі де шектеулер бар.