• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар өңірінде бір тәулікте 27 мың текше метрден астам су сорылды

Павлодар өңірінде бір тәулікте 27 мың текше метрден астам су сорылды

 

 

Аймақтық ТЖД жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп Павлодар мен Ақсу қалалаларының елді мекендерінің аумағында еріген қар суын сору жұмыстары жалғастыруда, деп хабарлайды irbistv.kz.тілшісі.

 

-Өткен тәулікте барлығы 27 мың текше метрден астам су сорылды. Ақсу қаласында су бұру каналы өткізілді. Атамекен кентінде экскаватордың көмегімен 3 жерде ашық шұңқырлар қазылды. Сонымен қатар, Атамекен-Ақсу-Көктөбе-Курчатов республикалық маңызы бар автожолының 15 және 129 шақырымы арқылы судың өтуін алдын алу мақсатында трасса бойында қапшықтар мен инертті материал төселді,-деп жеткізді ТЖД баспасөз қызметі.

 

Су сору жұмыстарына түрлі 72 техника, 115 адам жұмылдырылды. Осы бағыттағы жедел шаралар жалғасып жатыр.