Павлодар өңірінде депутаттарды сайлау өтеді

 

 

 

Саяси науқан 31 наурыз күні ұйымдастырылады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар қалалық мәслихатының № 2 және 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттар шығып қалған. Сол себепті олардың орнына өзге халық қалаулылары таңдалады. Саяси іс-шара орталық комиссиямен еліміздің барлық өңірлерінде 31 наурыз күні өтеді деп белгіленді. Павлодар қаласында кандидаттарды тіркеу аяқталған. Үгіт-насихат 30 наурызға дейін, яғни сайлау алдындағы тыныштық күніне дейін жалғасады. Қалалық мәслихатқа үміткерлердің әрбіреуін үгіт-насиғат жұмысын ұйымдастыруға 425 мың теңге қарастырылған.

 

-№ 2 сайлау округі бойынша 4 кандидат және № 22 округ бойынша 3 кандидат тіркелген. Жалпы қаламызда 7 үміткер бар. Үшеуі саяси партиялармен ұсынылса, қалған төртеуін өзін-өзі ұсыну бойынша қатысуда. Кандидаттардың есімі, жұмыс орны жайлы ақпарат қала әкімінің ресми сайтында, сайлау құрылымында толық көрсетілген,-деді Павлодар қаласы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вера Гейнц.

 

Сонымен қатар, облыстық мәлихатта екі шығып қалған депутат орнына өзгелері сайланады. Аймақтық мандатқа жалпы 6 кандидат тіркелген, төртеуі өзін-өзі ұсынса, екеуі партия атынан үміткер болып табылады. Саяси науқан жергілікті сайлау учаскелері бойынша 31 наурыз күні өтеді.