• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар өңірінде қоғамдық орындарда мас күйде болған 500 аса азамат жауапқа тартылды

Павлодар өңірінде қоғамдық орындарда мас күйде болған 500 аса азамат жауапқа тартылды



Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген адамдарды, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау бойынша рейдтер жүргізуде деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

-Жыл басынан бері бейімдеу орталығына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 358 адам жеткізілді, ал 595 азамат қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, алкогольдік ішімдіктерді ішуге немесе қоғамдық орындарда адамның мазасын алып, оған нұқсан келтіретін масаң күйде болғаны үшін5 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Қоғамдық орындарда он сегіз жасқа толмаған адамдардың мас күйінде болуы, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады,-деп мәлім етті облыстық полиция департаментінде.

Осы бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салады не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.


Фото: Облыстық ПД