Павлодар өңіріндегі иесіз малдың әлегі

Успен ауданының тұрғындары үйге барар жолда жылқыға соғылған. Индира Собконың айтуынша, жол апаты түңгі уақытта Павлодардан 13 шақырым жерде орын алды. Кенеттен трассаға жылқылар шығып, біреуін көліктің жанымен соққан. Қуанышқа орай, оқиға көлік шанағындағы сызатпен шектелген. Десе де, жаңа айна сатып алу қажет.

 

-Қайта құдай сақтады, бұл жағдай үрейімізді ұшырды. Келтірілген залал үлкен емес. Басқа жағдайда біздің көлік аударылып қалушы еді. Жауапты органдар қайда қарап жүргені белгісіз. Менің ойымша бұл мәселені көтеру қажет, -дейді көлік иесі Индира Собко

 

Индираның айтуынша, жылқылардың қожайындарынан көлік жөндеуі үшін өтемақы алған. Алайда, бастысы бұл емес. Караусыз жүрген төрт түлік, адам өліміне әкелуі мүмкін. Павлодар облысы үшін мәселе өзекті. Жүргізушілер түсірген әлеуметтік желіде осындай бейнелер саны артуда. Естеріңізге салсақ, Баянауыл ауданының әкімі тұрғындармен дөрекі сөйлескені үшін қатаң сөгіс алған болатын. Сондағы даудың себебі малдарға байланысты болған. Адамдар бақташыларға қаражат төлеуден бас тартты. Ауданда бұл сұрақпен полиция айналысуда. Ұсынылған статистика бойынша жыл басынан айып тұрағына 10 мыңға жуық бас тәркіленіп, 800 қожайын жауапқа тартылды.

 

- Қожайындар әкімшілік жауапкершіліктен қорықпайды. Кей кездері қараусыз жүрген төрт түлік малды ұрлап та жатады,-деді Павлодар облысы ПД ЖПҚБ аға инспекторы Абылайхан Алпысбай.

 

Қараусыз жүрген мал үшін айыппұл 10 мың теңге. Материалдық шығын болған жағдайда 30 мың теңге. Жыл басынан малдардың қатысуымын 15 жол көлік оқиғасы тіркелді. 3 адам жарақат алып, біреуі көз жұмды.