Павлодар өңірінің тұрғындары зейнетақы қорынан 50 миллиард теңгеге жуық қаражатты пайдаланған
Зейнетақы қоры филиалында күнделікті қызу жұмыс. Қордағы ақшаның бір бөлігін пайдалану бойынша кеңес алуға келген тұрғындардың саны көп. Көпшілігі қаражаттарын тұрғын үйді сатып алу немесе баспана несиесін өтуге жұмсағысы келеді.
- Қазіргі таңда Павлодар облысында 21 мың өтініш келіп түсіп, тұрғын үй мәселелерін шешуге 48 млрд тг көлемінде қаражат аудадырлды. Денсаулық сақтау саласы бойынша ем алуға 3 өтініш келіп түсті, бұл қажеттілікке 2 млрд 300 млн тг жеке есепшоттарына аударылды, - дейді «БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалы директоры Владимир Питраков.
Бұл ретте, тұрғындар көбінесе зейнетақы жинағындағы ақшаларын тіс емдеуге жұмсайды екен. Бұдан басқа, қордағы қаражатқа акциялар, облигация сатып немесе инфестициялық ұйымдарға ұсынуға болады. Бірақ аталмыш мүмкіндіктерді қолданған павлодарлықтар жоқтың қасы. Жалпы еліміз бойынша зейнетақы қорынан 2 триллион теңгеге жуық қаражат пайланылған.
Авторы: Дархан Бекишев