• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы «VITA» волонтерлері «Аяз атаға хат» дәстүрлі акциясын жариялады

Павлодардағы «VITA» волонтерлері «Аяз атаға хат» дәстүрлі акциясын жариялады

Аяз атаға хаты жыл сайынғы акциясы бір апта бұрын бастау алған. Қазірдің өзінде оларға 300-ге жуық хат келіп түскен деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі. Кез келген адам сыйлық сұраған баланың ең тәтті арманын орындай алады.

 

Павлодарлық еріктілер ерекше балалардан және аз қамтылған отбасылардан шыққан бүлдіршіндердің аяз атаға жазған тілектерін оқуда. Енді олар ғажайыптарды орындауға ат салысқысы келетін жандарды іздейді.

-Бізде мүгедек ересектер де сыйлық сұрап хат жазады. Себебі олардың көңілі, даму бала секілді. Мәселен 40 жастағы ер адам пазл сұрасағ 19-дағы қыз қуыршақ қалайды. Сонымен қатар жай ғана жасыл алма немесе мандарин сұраған бала бар. Біреуі шана, ойыншық сұраса, тағы біреуі төсек орын тысын сұрайды. Неге десеңіз төсек тартып жатқан балалар бар. Мәселен табиғи шырша сұрайды, - дейді «VITA» Павлодар қаласының іздеушілері ҚБ жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Еріктілер ерекше балалар мен мүгедектігі бар барлық адамды қамтуға тырысады. Тізімді халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан алған. Сонымен қатар облыстық психоневрологиялық орталықта тұратын балалардың хаттары да бар. Қазірдің өзінде адамдар сыйлықтарды әкелуді бастап кеткен.

- Биыл бізді бірнеше фирма қолдады. Жалпы осы акцияға қатысып, балалардың ізгі арманын орындайтын барлық жанға алғысымды білдіргім келеді. Қайырымды акцияға қатысып, бізге хат жазып сыйлық сұраған баланың тілегің орындағыңыз келсе инстаграмм парақшасынан «VITA» Павлодар қаласы волонтерларының тауып алып ондағы хаттармен танысып, ішінен біреуін, қаласаңыз бірнешеуін таңдап ала аласыз. Сосын сыйлығыңызды бізге Ломов 38 мекенжайындағы кеңсемізге немесе біз арқылы сол баланың өзіңе тапсыра аласыз, - дейді Екатерина.

«VITA» еріктілері кәмпиттер мен тәттілер де өте қажет екенін айтады. Себебі олар әр қораппен тәтті сыйлықты бірге береді. Және Аяз ата және Ақшақармен барып құттықтауға тырысады. Акция 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Алайда одан сәл кешігіп қалсаңыз да сыйлықты қабылдай береді.

 

Бибінұр Хамитқызы