• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы авиақалашық тұрғындары елді мекенге абаттандыру жасауды сұрайды

Павлодардағы авиақалашық тұрғындары елді мекенге абаттандыру жасауды сұрайды

 

Қазір олар жануарларға арналған пананың қасында тұрып жатыр деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодардағы авиақалашық шағын елді мекен. Тұрғындар бірнеше жыл бұрын балалар алаңын сұраған. Кейін бес жылдан соң жануарларға арналған пана пайда болған, жақында тұрғындар сот арқылы еріктілердің ветеринарлық клиника орналасқан аумақты заңсыз басып алғанын дәлелдепті.

 

- Сот болды, олар жерді өз бетімен басып алған. Оларға аумақты босатыңдар дегенімен, ештеме жасамады. Негізі барлығын жинап кетуі керек еді. Алайда олар жай ғана жылжыта салды,-деді Авиагородок көшесіндегі №7-үйдің тұрғыны Валентина Кабанова.

 

Жануарларды стерильдеп, емдеген ветклиника шынымен де шашылған күйде жатыр. Ал жануарлар ешқайда кетпеген. Олар сол жерде, яғни қоршаудың арғы жағында. Бұрын мұнда «Сердца Павлодара» қоры болған еді. Алайда қазір оның қызметі тоқтатылды. Instagram желісінде соңғы рет жарияланымдары бір жыл бұрын болған. Иттерді «Сириус» бірлестігінің еріктілері қараған. Олар бірнеше күн бұрын ғана ақша жинап бастаған. Қарыз жиналып қалғанын көрсеткен. Шенеуніктер бұрынғы ветклиника орнына футбол алаңын орнатуға сөз берген. Ал қазір ол да жоқ, адамдар қиыршықтаспен жүруге мәжбүр. Жақсы асфальт болған еді, алайда коммуникация ауыстыруға келді дейді. Ол да керек, алайда істі соңына дейін жеткізбейді дейді.

 

- Барлығын қазып кетті. Оларда не жоспар, не жоба болмады. Бәрін қазып, қашып кетті. Қиыршықтас төсеп, күздің соңында қаражат жоқ деді. Біз көрешекті көріп отырмыз,-деді Авиагородок көшесіндегі №11-үйдің тұрғыны Любовь Папкова.

 

Павлодар әкімдігінде тек бір аптадан соң жолды тегістейміз деп жауап қатты. Адамдарға уайымдаудың қажеті жоқ. Футбол алаңы әзірге болмайды, қаражатты үнемдеп, Авиқалашықты тізімнен алып тастаған. Келесі жылы қарастыруға сөз береді. Ал адамдар оларға назар аударуды сұрайды.