Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодардағы балалар психоневрологиялық орталығынан бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

Қоғам

13
Мамыр айында тарап кеткен бейнежазбадан кейін психоневрологиялық орталық қызметкерлерінің кәмелетке толмаған балаларды түні бойы байлап қойып, кейде шешуге де ұмытып кеткені жария болды. Сот шешімі бойынша аталмыш қызметкерлердің бостандығын шектеді. Кейін президент әкімшілігінің тапсырмасымен мұнда тексеріс жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

-Кіші медициналық қызметкерлердің біліктілігі төмен болды. Орташа медициналық қызметкерлер дәрігердің тағайындағанын толық орындамаған. Дәрігер кабинеттері мен жабдықтар жетіспейді. Бұл санитарлық талаптар сақталмайды деген сөз. Медициналық құжаттар бекітілген үлгіге сәйкес келмейді, - деп хабарладыПавлодар облысы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы  Евгений Губарев.

 

Сонымен қатар, тағы бір қолайсыздық - ол балалар тұратын ғимараттың қаладан алыста орналасуы. Қазір ол өндірістік аймақта. Алайда бүгінгі брифинг кезінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мәселе жақында шешімін табады деді. Қазір жобалық сметалық құжат дайындалуда. Алдағы жылы балалар қала ортасындағы ғимаратқа көшіріледі деп жоспарлануда. 

 

-Усолка 42-дегі Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансер аумағындағы ғимарат ұсынылды. Бұл осы мекемеге тиесілі бос ғимарат. Қазіргі таңда ол балалар психоневрологиялық орталығына дәл келіп тұр, -деді Павлодар облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Альмира Дисюпова.

Қазір орталықта орнатылған бақылау камералары арқылы балалардың ата-аналары мен қамқоршылар оны тәулік бойы қарай алады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()