Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодардағы карантиндік бекеттерде аркалық термометр пайда болды

Қоғам

17
Павлодар қаласы маңындағы блок бекеттерге аркалық термометрлер орнатты. Бұл мұндағы дәрігерлердің жұмысын бірқатар жеңілдетпек. Бүгін оның қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Блок посттан өткен адам оның ішіне кіреді. Егер қызуы бар болса мәлімет автоматты түрде кезекші дәрігерге жетіп, дабыл береді. Айта кету керек, мұндай жабдық еліміз бойынша тек бізде ғана бар. Және оны біздің облыста жинаған.

-Егер уақыт туралы айтсақ, әрине мұнда уақыт көп жұмсалады. Бірақ та қазір біз үшін қауіпсіздік маңызды. Яғни егер блокпосттан өтушілердің бірі ауырып тұрған болса, тексеруші дәрігер оған жақындаған соң басқа адамдармен де қарым-қатынаста болады яғни басқаларға жұқтыру қаупі жоғары, -дейді әзірлеуші Сергей Голышев.

 

Аркалық термометрді қала бюджетінің үш жарым млн теңгесіне сатып алған. Бұл қызу өлшегіш құралдың өз бағасы. Өңдеуші оның сыртындағы қорабын өзі жасаған. Осындай құрылғы жақында Кенжекөлге бара жатқан бағытта да пайда болады. Бастысы бұл жабдық блокпосттағы дәрігерлердің адамдармен қарым-қатынасын азайтады. Ал карантин аяқталғасын оны басқа адам көп шоғырланатын орындарда қолдануға болады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()