Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодардағы кейбір көпқабатты үйлер жылынбай тұр

Қоғам

5
Павлодарлықтар өз пәтерлерінде тоңуда. Бұл ретте, ПИК адамдарға біздің кінәміз жоқ деуде. Қызмет көрсетуші ұйым басшылары үйдегі салқын батареялар төмен параметрлерге байланысты екенін алға тартуда.

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы №89-үйдің тұрғындары пәтерлеріміз мұздай дейді. Әсіресе, бірінші қабатта тұратындар шағымдануда. Себебі, үйдің жылу торабы жоғарыда орналасқан.  

 

- Пәтерлерде 10 градус. Мен өз басым 8-ші қабатта тұрамын. Маған жылу бірінші келгенімен, үйдің іші суық. Соңғы рет өлшегенде 16-ны көрсетті. Алғашқы қабаттағылардың жағдайы одан да ауыр, - деді ПИК төрайымы Валентина Внукова.  

 

Тұрғындардың айтуынша, өте суық, сырт киіммен жүруге мәжбүр. Жергілікті ПИК-ке шағымдар көптеп түсуде. 9-қабатты үйге жылудың кіріп шығу көрсеткішіне 500 грамм жетіспейді. Үйге келетін параметрлер алпауыт беретін ақпаратпен сәйкес келмейді.  

 

- Нақты бізге айтып отырған жағдайда тұрғындармен мәселені шешуші едік. Адамдар бізді айыптайды. Олар жылуды біз бермей жатырмыз деп ойлайды. Жылыту маусымына толықтай дайын болдық. Параметрлер дұрыс берілмеуде, - дейді Валентина Внукова.  

 - Пәтерлеріміз мұздай. Мерекелік демалыс күндері жылытқыштарды қолдандық. Оның өзінде суық болды. Қала басшылығынан шара қолдануды сұраймыз. Біз де тірі пендеміз ғой, - деді Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы №89/1-үйдің тұрғыны Инна Гуславская.

 

Жыл басынан бері «109» Саll-орталығына салқын батареялар бойынша 1,5 мыңға жуық шағым келіп түсті. Шенеуніктер мен алпауыт өкілдері жұмыс жүктемесінің жоғары болуына байланысты жағдайға түсініктеме бермеді. Қала әкімдігінде 150 көпқабаттыда жылу жетіспеушілігі анықталғаны туралы айтты. Қазіргі кезде қолданылып жатқан шаралар жағдайды реттеу үшін жеткіліксіз екенін мойындады.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()