Павлодардағы жер асты өткелі тағы да жөндеуден өтеді

 

 

Осы жолы бұл мәселеге ерекше шешіммен келген. Қабырғаларды бояуды колледж студенттері жүзеге асырмақ. Қалалық мәслихат демеушілік танытып, акциядан челлендж ұйымдастырылды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Өзін-өзі жарнамалау, танысуға ұсыныстар мен балағат сөздер. Қазір жалғыз жер асты өткелінің күйі осындай. Мәселе жылдан жылға шешімін табар емес. Бұл жерге жауапкершілікпен қарау туралы шақырудан еш нәтиже жоқ.

 

- Осындай салған суреттер негізі қате. Олар бұрын да болған. Оны ақпен бояп тастады. Адамдар бәрібір сала береді. Әдемі деп санамаймын. Біздің салғанымыз дұрысырақ болады. Себебі біз Павлодардың жерлерін саламыз-,деді Павлодар көркемсурет колледжінің студенті Томирис Бакибаева.

 

Қабырғаларға жаңа реңк беруді студенттерге сеніп тапсырды. Алғашқылардың бірі болып бұл жерде Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» шығармасы жазылмақ. Бұл ретте, әр студент шабытына ерік беріп, ойындағыдай әсемдеуіне болады.

 

- Акция қала әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған. Осы акцияға біздің жастарымыз қосылды. Бұл акция жалпы республикалық «Таза Қазақстан» аясында өтіп жатыр. Осы акцияға олар белсенді қатысып отыр. Жарқын түсте қабырғаларды олар бояп, көркін келтіреді- дейді Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнагүл Сәрсенбаева.

 

Мұндағы қажетті бояуларға қалалық мәслихат депутаттары демеуші болды. Ал жас суретшілер өздерінің шығармашылығы вандализмге ұшырамауына үміттенеді.