Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарда қай үйлерде жылу жетіспеушілігі расталды?

Қоғам

20
Энергетикалық компания өзінің ресми сайтында жылу жетіспеушілігі бар үйлердің тізімін жариялады.

Алпауыт соңғы екі тәуліктегі ақпаратпен бөлісті. Қызмет берушінің мәлімдеуінше, келіп түскен 8 өтініш бойынша температуралық режим кестеге сай берілуде. Екі көпқабатты бойынша, ПИК-ке ыстық суды реттеу шарасын жасауға кеңес берілді. Ал, Сибирская көшесіндегі жер үйдің қожайынына элеваторды ашып, ішін тазалау қажеттілігі туралы айтты. Совхозная, 9 мекенжайында орын алған жылу жетіспеушіліктің себебі, көршілес үйлердегі сорғы құрылғыларының салдарынан болуы мүмкін. Белгілі болғандай, параметрлер тек Ломов, 142 мекенжайына төмен берілген.  Алпауыт мамандары, тұрғын-үй инспекциясына келіп түсетін өтініштерді үнемі тізімге қосып отыратындарын жеткізді. Салқын батареялармен жүгінген тұрғындардың үйлері міндетті түрде тексерістен өтеді.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()